2009 жылдың 30 қыркүйегінде UNESCO Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізді.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында тойланады. Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні атап өтіледі.
Ал 2016 жылдың 1 желтоқсанында қатырма нан әзірлеу дәстүрі UNESCO-ның бейматериалдық мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енді. Қатырма нан әзірлеу мәдениеті - Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияда кең таралған салт-дәстүр. Әдет-ғұрып бойынша нанды пісіруге бір отбасының мүшелері қатысады, алайда ауылдық жерлерде дайындауға көршілері де атсалысуы мүмкін. Металл пластинаға немесе қазанға салып пешке пісірлген нан мерекелік отырыстарда, туған күндерде, үйлену тойларында, сондай-ақ жерлеу рәсімдерінде дастарханға қойылады.