Мақтанам Алтай сенде туғаныма

сөзі: Қуаныш Ілиясұлы
әні: Сымағұл Бөденбайұлы
орындаған: Раушан Әбуқызы

Қуаныш Ілиясұлы, Сымағұл Бөденбайұлы

Мақтанам Алтай сенде туғаныма

(әннің сөзі)

Ақиық ұшырған дауылға Алтай,
Сан иық талдырған ауырға Алтай.
Тарих - таулары, қарттары - шежіре,
Жер ұйық мәңгіге бауырға Алтай!

Қайырмасы:
Көрік боп қырларыңа,
Еліктеп ұлдарыңа,
Құрақ боп суларыңа,
Бұлақ боп нуларыңа,
Қаз тұрып, қарап үсіп,
Айбатты шыңдарыңа,
Мақтанам Алтай сенде туғаныма!

Тарих сан қилы кешуің Алтай,
Ертегі Ертсім есілім Алтай,
Елжірей тербеген бесгім Алтай,
Еліме мақтаныш есімің Алтай!

Әлемде затыңмен дарасың Алтай,
Әлемге қалықтап барасың Алтай,
Арманы адамзат Қанасың Алтай,
Аяалап өсірген анашым Алтай! 
2008 жыл

6alash ұсынады